Ернар Айдар аяққа тұрды
560 рет қаралды пікір қалдырылмады 09.05.2017 сағат 22:29

Елінің еркеұлы болған Ернар өткен айдың орта шенінде жол апатына түскен еді. Екі күн жан сақтау бөлімінде жатқан Ернардың тілеуін әріптестерімен қатар халықта тілеген еді. Ал енді араға бір ай уақыт салып, әнші өз аяғына тұрғанын қуана хабарлайды. Ернар бұл қуанышты жаңалықпен өз инста парақшасында жариялайды. «Қымбатты қазақ елі! Алланың қалауымен араға 1 ай уақыт салып бүгін міне өз күшіммен аяққа тұрып, тәй-тәй басқан жайым бар»,-деп жазды. Әнші жазбасының соңында денсаулығын нығайту мақсатында Қиыр Шығыстағы Корея мен аспан асты елі Кореяға сапар шегетінін тілге тиек етті. Әншінің бұл жаңалығына әріптестері Нұрболат Абдуллин, Нұржан Керменбаев қуана пікір жазды. Кейінгі кезде актерлігімен елді таңғалдырып жүрген Нұрболат Ернарға «Еркелеп болсаңыз халқың күтіп қалды»,-деп құрдасын сахна төріне қайта шақырды. Бүгін тәй-тәй басқан Ернар Айдардың ән кешіне барар күн алыс емес!

Қымбатты қазақ елі ! Алланың қалауымен араға 1 ай уақыт салып бүгін міне өз күшіммен аяққа тұрып, тәй-тәй басқан жайым бар . Еліміздің медицинасына басымды ием, қысқа мерзімде сауығуға айтулы қадам бастырып отыр. Сіздердің маған тілеген дұғаларыңыздың қабыл болуы деп білем ! Дегенмен, алдағы уақытта жағдайымды одан да жақсарту мақсатында, көрші Қытай немесе Корея еліне сапарға шықпақ ойым бар. Рақмет сіздерге, менің тілекшілерім🙏🏼

A post shared by Ернар Айдар (@ernar_aidar_official) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: