«Ел арнаға» бөлінетін республикалық бюджет қаржысы «24.kz» телеарнасын қаржыландыруға және жаңа фильмдер түсіруге жұмсалатын болады. Бюджет жобасын талқылау барысынде депутаттар тарапынан «Ел арна» телеарнасының жұмысын тоқтату себептерін түсіндіру сұралған болатын. «Біз жыл сайын «Ел арна» телеарнасына 2 млрд. теңге бөліп келген болатынбыз. Алайда, рейтинг бойынша осы арна 300 млн. теңгені ғана жинай алады», – деп министр Ерболат Досаев хабарлап, ойда жоқта қызметін тоқтатқан Ел арна арнасы халыққа қайтадан жол тартатын болды.
Арна жабылған кезде халықтың тең жартысы санын соғып, бармағын тістеп өкінген. Ал бұл жаңалықты естіп, бөркін аспанға ата қуанбақ.
Бұл туралы халық «Ел арнаның» бұрынғы журналисті Асхат Садырбаймен, арна жабылған кездегі басқарушысы Серік Абас-Шах мырзадан білді. Жаңадан тұсауы кесілмек бұл арнаның аты әлі талқыланып жатыр екен, басшылығы да орындарына жайғаспаған екен. Бұны Серік мырза өз инста парақшасында мәлімдеді.