Димаш «I’m singer» жобасының финалына шықты
106 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.03.2017 сағат 00:50

Дінмұхаммед Құдайбергенов Қытайдағы «I’m singer» жобасына қатысқалы бері атағы жерді жарды. Қытай, Тайван, Корея, Жапония елдеріне атағы жетіп, қазақтың халық әні «Дайдидауды» әлем әндерінің қатарына енгізді. Димаш байқаудың 10-ыншы кезеңінде өзі жазған «Ұмытылмайтын күн» әнін екі тілде орындады. Ол өзге турларға қатыспастан, жобаның финалында өнер көрсететін болды.

Айта кетер бір жәйт, Димашты Азия елдері ғана емес көршілес Қырғыз әрі Өзбек елі де демдерін ішіне тарта қолдап отырған көрінеді. Димаштың суретінің астына Қырғыз бауырларымыздың жазған пікірлері қазақтың мерейін үстем етті. Олар «Бір Түркіден тараған бауырларым, тек қана алға. Тыңдап отырып көзіме жас келді. Бауырларымыздың жеңісі-біздің жеңіс», – деп жазады.

Пікірлер

Войти с помощью: