Димаш Құдайберген «Махаббат бер маған» әнін халыққа ұсынды
157 рет қаралды пікір қалдырылмады 25.04.2017 сағат 13:30

«Махаббаат бер маған, тағдыр

Махаббаат бер маған

Махаббаат бер маған, тағдыр

Жүректі қозғаған.

Жанымды жалынға орап, үзілмей маздаған.

Махаббаат бер маған, тағдыр

Махаббаат бер маған

Ешқашан, ешкімде, еш кез болмаған»,-деп «I’m singer» жобасының гала концертінде шырқалған Димаштың әні жанкүйерлерін жылатты. Мега жоба барысында жарты әлем «Димаш» пен «Қазақ» деген есімді танып, талай бәйгеде оза шапқан дүлділдер қазақтың ұлын мойындады. Бұл шешуші сынан соң орындалған әннің сөзін Мұнайдар Балмолда жазса, әні Айгүл Бажанова ханымдыкі екен. Қытайлық жанкүйерлердің сезіміне әсер еткен туындыны олар: «Қоштасар да айтқан сөз сияқты» деп жазды. Димаштың «Құрметтілері» әншінің отанына қайтып «ЭКСПО-2017» дейін күш жинауын тілеуде.

Айта кетер тағы бір жәйт, Димаш Құдайберген үш айдан астам уақытқа созылған аспан асты еліндегі жобадан екінші орын алды. Одан соң әншінің атағы аспандап, үш бірдей беделді жүлделерді қанжығасына байлады. Димаш Құдайберген сәуір айының жиырма бесі елге оралады. Елі өнерлі ұлын тағатсыздана күтуде.

Пікірлер

Войти с помощью: