Димаш сен жалғыз емессің дейді жанкүйерлері
138 рет қаралды пікір қалдырылмады 01.02.2017 сағат 21:23

Бүгінде әлуметтік желілерде «Димаш Құдайбергенов», «Димаши» «ThesingerDimash» сынды хэштег бірінші орынға шықты. Аспан асты елі мен қазақияны таңғалдырған Дінмұхаммед ерекше даусымен талайды тамсандырды. Қытайлықтар оның өзге ұлт екеніне қарамастан, төбесіне көтеріп жанкүйері болды. Димаш десе ішкен астарын жерге қойып, жүрегін жұлып беруге әзір. Дегенмен Құлагердің алдынан шыққан Батыраштың айбалтасы сынды кей жандардың теріс пікірі боларын білгенбіз. Димашқа деген жалынды махаббатпен қоса, көре алмайтын көр соқырлықтың сөздері ағылып жатқаны тағы бар. Осындай да Димаштың жанкүйерлері оған «Жалғыз емессің!»,-демекші. Витаспен болған жағдай да, дінтанушылардың оны «қытайдың сұрқия саясатына» балағаны да жанкүйерлерін Димаштан алыстатпақ емес. Олар қайта Димашқа жақындай түспек.
«Біз әлуметтік желілер шулап жатқан Димашқа қатысты теріс пікірлерге тосқауыл қойғымыз келеді. Димаш жанкүйерлерінің атынан сөйлегіміз келеді. Оныңда артында халық бар екенін, Димаш жалғыз емес екенін жеткізгіміз келеді. Сол үшін әлуметтік желі де Қытай шоу бизнесіне таныс флешмоб ұйымдастырсақ. Димаш туралы позитивті пікірлерді әлуметтік желіге, Димаштың парақшасына толтырып, Димашқа рухани көмек көрсетсек»,-деп пікір білдірген олар:
«Қазақтай ұлы халықтың оғланын өзгенің талан-таражына тастамаймыз»,-дейді. Бұл бастама тұрасында өз ойын Димаштың досы, әрі әкімгері Алпамыс Шәримовтан сұрағанымызда, ол қолдап:
— Сіздердей жанкүйерлер бізге дем беріп қолдамаса өнер адамы үшін қиын. Сондықтан да бұл істеріңізді құп көреміз. Үлкен фанклуб құрып жасақтансаңыздар өте дұрыс!!! ,-деді. Алпамыстың сөзін жанкүйерлері аяқ асты қылмайды деп сенеміз.
Жанкүйерлерінің айтуынша әрбір Димашты қолдайтын жанкүйер өз әлуметтік парақшасына Димаштың суретін салып:
» #Димашбізсеніменбіргеміз
#Димашбізсеніқолдаймыз
#Димашсағансенеміз»
#Dimashwearewithyou
#Dimashwesupportyou
#Dimashwebelieveyou
,-деп жазуы тиіс.
Осындайда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Бірің қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»,-деген сөзі еске келеді. Қазақтың баласын өз жұрты қолдамағанда, Қытай елі бауырына басса ұят емес пе?!

G9C8bFOVObA

Пікірлер

Войти с помощью: