Дәулет Тұрлыханов күрестен Азия Кеңесінің президенті болып тағайындалды
70 рет қаралды пікір қалдырылмады 13.05.2017 сағат 15:45

Белгілі спортсмен Дәулет Тұрлыханов Азия Кеңесінің президенті болып тағайындалды. Осыдан төрт ай бұрын Күрес Федерациясының Вице-Президенті болып сайланған болатын. Қазақ жастары бой көрсеткен талай спорт шараларында қолдау көрсетіп жүрген, ел ағасы әлемдік аренадағы спорттың тізгінін ұстауы қазақ үшін мақтаныш.

Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Грек-рим күресінен КСРО бойынша жеті дүркін чемпион. Әлем және Азия ойындарының жеңімпазы. 1988 жылы өткен Оңтүстік Кореядағы жиырма төртінші олимпиадада бой көрсетіп, күміс жүлдегер атанған.

Құрметті Оқырмандар! Бүгін Алғыс айту күні! Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі. Алғыс білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады. Мен өзімнің отбасыма, жақындарыма, достарыма, жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін. Əрқашан бір-бірлеріңізге риза болып, аман жүріңіздер!👏👍👐 #алгысбилдирукуни #алғысайтукүні #dauletturlykhanov

A post shared by Turlykhanov Daulet Bolatovich (@turlykhanov_daulet_bolatovich) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: