Бүгін Рақымжан Қошқарбаев рейхстагқа жеңіс туын тіккен күн
657 рет қаралды пікір қалдырылмады 30.04.2017 сағат 17:24

Осыдан 72 жыл бұрын, дәл осы күнде қазақтың хас батыры Рақымжан Қошқарбаев жойқын соғыстың соңғы нүктесін қойды. Борап жатқан оқ пен қызыл қанның арасында қаһармандықпен жеңіс сыйлады. 30 сәірінде Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов 150-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік іс журналына сәйкес сағат түскі 15:00 шамасында халық туын тікті.

Рахымжан Қошқарбаев Қызыл армия жауынгері, Қазақ халқының халық қаһарманы. Ақмола облысының тумасы, өмірінің соңғы сәттері Алматы қаласында өткен. Ерлігі 62 жыл өткен соң ғана мойындалды. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткендердің батырлығы Кеңес өкіметінің шовинисттік саясатының арқасында дұрыс бағаланбады. Солардың бірі-Рахымжан Қошқарбаев. Кеңестік саясатта рейхстагқа ту тіккен Катария мен Егоров деп таныйды. Шын мәнінде оқ борап жатқан майдан алаңының 300 метріне 7,5 сағатта әрең жетіп ту тіккен біздің отандасымыз. Рахымжан атамыздың бұл ерлігін өзімен бірге 150-ші дивизияда болған жауынгерлердің бәрі дерлік мойындайды. Ал тарихта жазылғ,ан Катария мен Егоровтың ту тігуі қолдан жасалған сұрқия саясат екеніне дәлелдер көп. Мысалға Американың Нью-Йорк таймс» газеті 1945 жылдың 1 мамырында жарияланған санында:

Сол от-жалынды күндері Рейхстагта екі жеңіс туының желбірегені белгілі. Біріншісін 150-ші Идрицк дивизиясының лейтенанты Рахымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатов 30-сәуір күні сағат 15:00 шамасында халық туын; екіншісін басқа бөлімнің барлаушылары Егоров пен Кантария 1 мамырда сәске түсте Ставка туын тікті»,-деп жазады.

Кешегі бабалар қасық қанымен қорғаған қазақ жері бүгінде зайырлы мемлекет. Көгінде алтын күні шығып, арайлап ататын Қазақстан Республикасының бүгінгі жастары батыр тұлғаларды ұмытпақ емес.

Пікірлер

Войти с помощью: