Бейбіт Кушкалиевті «Қайтесің өзгені» әнін айтуға «кәрі» деп пікір білдірген кімдер?
120 рет қаралды пікір қалдырылмады 07.03.2017 сағат 22:38

Бейбіттің хитке айналған әні «Қайтесің өзгені» елімізде қайта-қайта шырқалып, балалар мен жастарды ырғақты билеткен әуен. Бейнеклипке Жанар Дугалованың өзі түскен әннің бейнеклипі Қиыр Шығысқа да жетіп үлгерген екен. Анау-мынау емес Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында бейнетаспасы тамашаланған, Бейбітті корей жігіттері «Қайтесің өзгені» сынды ырғақты ән айту үшін «кәрі» деп есептейтіндерін жасырмады. Ол Youtube желісінде «Корей жігіттері» (Korean guys) деп аталатын қызықты видео түсіретін жігіттер екен. Үш және бес жігіттен құралған жігіттер тобы өз жанкүйерлері ұсынған орындаушылардың бейнеклиптерін қарап, өз әсерлерімен бөліседі екен. Олар тек қана Бейбіт емес, Кешью, Аюми, 91, Жанар Дугалова сынды жұлдыздарға өз әсерлерін түсірген.

Бейбіттің әні сөз болған 6 минуттық бейнероликте жігіттер Бейбіттің «денелі», Қайтесің өзгені әні Гонкогтік әуендерге ұқсайтынын айтады. Тіптен олар Бейбіттің бейнеклипін Корей елінде бұрын болған ойын-сауыққа арналған «X-men» бағдарламасына ұқсатты. Олар Бейбіттің образында мұрты мен сақалы есте қалғандығын сөз ете отырып, Кореяда сақал қою сирек кездесетіндігін түсіндірді. Олардың Бейбіттің бұл әнді айтуға «Кәрі» деп есептелуін, өздеріне сақалды тек егде жастағы азаматтар қояды деген түсініктерімізден болу керек деп мәлімдеді.

«Әр елдің салты басқа»,-деген осы болса керек. Ал біз үшін бұл ән Бейбіттің орындауында ғана өз нақышына келіп тұрғандай.

https://www.youtube.com/watch?v=fH3stLjNewg

Пікірлер

Войти с помощью: