Бейбіт Шуменов кезекті кездесуге шықпайды
53 рет қаралды пікір қалдырылмады 22.04.2017 сағат 17:45

Қазақ елінің арқа сүйер былғары қолғап шеберлерінің бірі, WBA бойынша әлемдік «әдеттегі» белбеуінің иегері Бейбіт денсаулығына байланысты келесі кездесуде бой көрсете алмайды. Бұл жолы боксер Юниера Дортикосқа қарсы шығу қажет еді. Бірақ Бейбіттің 18 сәуір күні шұғыл түрде ота төсегіне жатуына тұра келіпті. Оның оң жақ көзі спарринг кезінде жарақаттанып, дәрігер нұсқауы бойынша маусым айына дейін шаршы алаңға шыға алмайды. Боксер өзінің инста желісіне: «Мен ешкімнен қорықпаймын! Мен Дортикосты нокаутқа жіберуге дайындалудамын! Қолдауларыңызға рахмет»,-деп жазды. Жоспар бойынша Дортикос пен Шуменов арасындағы кездесу осы айдың 29 жұлдызында Лас-Вегас қаласында өтуі тиіс болған.

My dear friends, I received a scratch in my eye during a sparring session. The scratch was deep in my retina and I had an emergency surgery. The injury was severe and it takes some time for recovery. My dear friends, just like you, I was looking forward to defeat my opponent. During the preparations, I had 390 rounds of sparring and I was ready on April 29th to knock my opponent out. I had a tremendous training camp but it's very unfortunate that the fight has to be delayed till June now. Thank you very much for your understanding and supporting me. Құрметті жанкүйерлер! Сіздер сияқты, мен де 29 сәуірдегі жекпе-жегімді қатты күттім. Барымды салып дайындалдым. 390 раундтық спаррингтен өттім. Қарсыласымды нокаутпен ұтуға дайын болдым. Кезекті жаттығуымда ойламаған жерден көзіме жарақат алып қалдым. Жаттығудағы қарсыласымның қолы көзімнің қарашығын сырып кетті. Дәрігерлер шұғыл операция жасамасақ, көру қабілетіңнен айырыласың деді. Операция жасаттым. Сәтті өтті. Енді 30 күн бойы ем қабылдауым керек. Осылайша жекпе-жегім кейінге қалып отыр. Амандығымды тілеп, уайымдап отырған жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Біз бірге жеңіске жетеміз! Дорогие друзья! Во время моего спарринга произошел несчастный случай. Получил глубокую царапину на сетчатке глаза. Была экстренная операция. Травма оказалась серьезной. Нужно определенное время на восстановление. Друзья, так же как и вы, вместе с вами, я с нетерпением жду своего боя, чтобы одолеть соперника. При подготовке к этому бою я провел 390 раундов спарринга; был готов выйти на ринг 29 апреля и нокаутировать своего соперника. Мои тренировки были усиленными и напряженными. Мне так же, как и вам, очень жаль, что бой на время откладывается. Всем огромное спасибо, кто поддерживает и болеет за меня. #beibutshumenov

A post shared by Beibut Shumenov (@beibutshumenov) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: