Бауыржан Момышұлының 1944 жылғы жаңа жыл құттықтауы жарық көрді
56 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.05.2017 сағат 21:47

Бауыржан Момышұлы — тарихымызда өр рухымен есте қалған Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың мақтанышы. Бауыржан атамыздың асқақ даңқын көрсетер бейнероликтер мен киномотографиялық туындылар көп-ақ. Дегенмен, күні кеше желіге Бауыржан атамыздың 1944 жылғы жаңа жыл құттықтауы жарияланды. Қан майданда неміс әскерімен болып жатқан айтылған құттықтау барша КСРО халқы мен майдан шебіндегі жауынгерлерге арналған. Қандыбалақ соғыстың аяқталуын өз көзмен көргендердің бірі- Бауыржан Момышұлы.

Батырдың Кеңес елдеріне арнап айтқан тілегі майдан алаңында 4 жылдан астам күресіп жатқандардың рухын көтеріп, елі үшін күресіп жатқандардың делебесін қоздырады. Орыс тілінде жарық көрсе де, қазақ батырының жігері мен барша айбыны қарапайым жаңа жыл тілегінен де байқалып тұр.

 

Пікірлер

Войти с помощью: