Батырхан Шүкеновты еске алу кеші болып өтті
635 рет қаралды пікір қалдырылмады 25.05.2017 сағат 23:33

Қазақ, орыс эстрадасында жарық жұлдыз болып жанған Батырхандай талантты ұмыту мүмкін емес. Әріптестері еске алғандай: «Ол -шоқ жұлдыздай жарқ етіп, ойда жоқта сөніп кетті».

Мамыр айының жиырма төртінші жұлдызында Алматы қаласында, Республика сарайында «Навсегда в наших сердцах» (Мәңгілік біздің жүрегімізде) атты еске алу кеші болып өтті. Еске алу кешінде Батырдың әріптестері өнер көрсетті. «МузАРТ» тобының беделді мүшесі Сәкен Майғазиев Батырдың анасымен түскен суретін желіге жүктеп, еске алу кешіне бара жатқанын хабарлады. Ал Жанар Дугалова болса Валерий Меладзе, Далер Назаров, Севара Назархандармен бірге бір сахнада ән шырқады.

😔🇰🇿🎼🌎🎤🎷☀️

A post shared by Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: