Балажанды өнер иелері
223 рет қаралды пікір қалдырылмады 29.01.2017 сағат 19:37

Бала-адам өміріндегі қалар ізі, ата-ананың ең тәтті сыйы. Оларға өзіңнің қолың жетпеген нәрселерді алып бергің келеді, ешнәрсеге мұқтаж болмай өсуін қалайсың. Олар ата-ана өмірінің шырағы мен асыл тастары. Әке биші болса да-әке, ана әнші болса да -ана. Өнер иелерін халық көбінесе «Балаларына көңіл бөлмейді. Балаларына уақыттары жоқ, тек ән мен күй соңынан жүреді»,-деп ойлап жатады. Ал қазақ эстрадасында осындай стреотиптерді бұзатын, үлгілі әке-шеше идеалы болатындар бар. Олай болса біз сіздерге балажанды өнер иелерін таныстырмақпыз:

Қыдырәлі мен Қарақат
Қазақ эстрадасындағы бақытты отбасының бейнесі болып келе жатқан жұптың ұлдары-махаббатарының белгісі. Анасының үлкен ұлы Бекболаттың суреттерін инста парақшасына салып, ұлын еркелете жазуы бірталай жанның жүрегін елжіретеді. Олардың бүгінде төрт ұлы бар.
slLwZZHJuOQ

Сәкен Майғазиев
Мұзарттық Сәкеннің балажанды екенін дәлелдеуіміз артық. Себебі, Сәкен мырза өзінің #Сәкенбалалармен хэштегімен танымал. Қайда, қашан, қалай болса да ол балалармен.
jif9vIXP0ww

Мейрамбек Беспаев
Мейрамбектің де өзінің қызы Кәусардың суретін жариялағанын көріп талай тыңдарманы сүйсінді. Ол өзінің ұлы мен қызын мақтан тұтатыны көрініп тұр. Артық сөз айтудың өзі керек емес.
In09cD8oAWo   Vz_2w6LdvVo

Алтынай Жорабаева
Әсем дауысымен талай тыңдарманын таңғалдырып жүрген әнші қыздарыңыздың төрт сұлуы бар екені белгілі. Әрі төртеуі аналарының назарынан тыс қалған емес. Аяулым, Айнара, Семанур,Көркем есімді қыздары Алтынайдың аузынан түсіп қалғандай.
V5VR7TaiYDg

Баян Мақсатқызы
Әдетте қатал продюсер болып көрінетін Баян ханымның жүрегі Айсәле мен Айаруға келгенде елжіреп сала береді. Баян ханым өзінің әлуметтік желісіне өз шәкірттерінен бөлек қыздарының суреттерін жиі салады, әрі оларды шексіз жақсы көреді.
mF2kZAhGYA0XqUMKVRlvwo

Беркут пен Айша
«Тау-тау сезімдері» бар бұл жұптың Зейін есімді ұлдары бар. Әрі қастарынан тастамай ертіп жүретін, ұлдарының суретін анасы мен әкесі жарыса жариялайды. Зейін- ата-анасына қанат бітіргендей.
sjYtjUmNzig

Дастан Оразбеков
Өзінің баласына деген махаббатын жасырмайтын жұлдыздардың бірі Дастан. Ол өзінің ұлымен мақтанады, әрі ұлына дұрыс тәрбие беруді көздейді. Оның инста желісіне салған суреттері дәлел.
W_s8eQFCHlQ

Бағлан Абдраймов
«Жігіттердің» Бағланы өзінің қызы Айқаракөзді қатты жақсы көретінін білетін шығарсыздар. Қызының әр қылығын тәтті деп есептейтін әке, қызынан өзге балаларды да назардан тыс қалдырмайды. Сырқат балаларға да қолдау көрсетіп тұрады.
7-ylgOpxRJU

Мақсат Рахмет
Алашұлының бұл серісі ұлы Шәкәрімге үлгілі әке. Отбасына деген махаббатын еш жасырмайтын Мақсаттың бұл ісіне халық сүйсіне қарайды. Біз әншінің ұлын өзі секілді намысты, иманды, рухты перзент етіп тәрбиелейтініне сенеміз.
SgRubwFgpdM

Ерке Есмахан
Өзінің әсем дауысы мен әдемі көркі арқылы баурап алған қазақтың Еркесі өзінің ұлы Муслимді жақсы көретінін дәлелдеп әуре болмаймыз. Инста желісін ашып қалсаңыз ұлының тәтті қылықтарымен бөліскен бейнеролик пен суреттерден көз ашпайсыз.
T_mxbrMb_mU

Пікірлер

Войти с помощью: