Азамат Сатыбалдының «Бір сен үшін» фильмінің премьерасына Бауыржан Байбек келді
89 рет қаралды пікір қалдырылмады 26.04.2017 сағат 15:05

«Бір сен үшін» атты Азамат Сатыбалдының идеясымен түсірілген фильм қалың көпшілік назарына 27 сәуір күні ұсынылмақ. Қалың көрерменге жол тартпай тұрып алдын ала көрсетуіне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің өзі келді. Бұл туралы актер өз инста парақшасында жазды.

«Мені қолдап келген қала әкімі Бауыржан Байбек мырзаға рахмет. Осындай халқын іздейтін, өнерді қолдайтын қайраткерлер болсын. Ел жүрегінде мәңгі қалыңыз Бауыржан мырза. Айтар алғысым шексіз»,-деп өзінің қуанышымен бөлісті.

Азамат мырзаның аталмыш туындысына өз мамандығының хас шеберлері түсірілген екен. Алдын ала көрсетілім куәгерлері фильм барысында бірнеше рет жылауға болатынын уәде етеді. «Бір сен үшін» фильмінің алдын ала көрсетілімінде қала әкімінен өзге өнер жұлдыздары да бой көрсетті. Фильмнің алғашқы көрермендері болғандардың қатарында Әділ Ахметов, «Алашұлы» тобы, Сәкен Майғазиев, Артур Төлепов, Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов, Мадина Садвакасова, Саят Исембаев, Ұшқын Жамалбек пен «Жұлдыз ФМ» радиосының жүргізушісі Жасұлан Қали де болды.

#Repost @gulnur_tv with @repostapp ・・・Үлкен раxмет Гүлнүр….🙏🙏🙏🙏 Бүгін Азамат Сатыбалдының идеясымен түсірілген "Бір сен үшін" кинотуындысы журналистер мен өнер иелерінің назарына ұсынылды! Фильмді тамашалауға Алматы əкімі Бауыржан Байбек те келді.Фильм өте жоғары деңгейде түсіріліпті. Сөз жоқ керемет! Жарайсыз, @azamatc Фильм соңына дейін екі — үш рет 😢жылап алдық! #лучшийфильм#премьера#бірсенүшін# #радитебя#жабықкөрсетілім#хабарарнасы#съемки#.

A post shared by Azamat Satybaldy & "Cinema 28" (@azamatc) on

 

 

Пікірлер

Войти с помощью: