«Асыл арна» діни радикализм туралы комедия ұсынды
102 рет қаралды пікір қалдырылмады 15.03.2017 сағат 17:01

Наурыз айының 13 жұлдызында «Асыл арна» руғани-ағартушылық телеарнасы діни радикализм турасында «Сергелдең» туындысын халыққа ұсынды. Бұл арнаның төл өнімі болып табылады. Басты рөлдерде «ТтТ» әзіл-ысқақ театрының беделді мүшесі Алмат Сақатов пен театр және кино актері Мақсат Сәбитов бой көрсетті.

«Жат ағымның жетегіне кетіп, қоғамға сиыспай, оқшауланған жас жігіт. Бүлінген тағдыр, шайқалған шаңырақ… Терорризм мен экстремизмнің алдын алуға, ұлттық болмысымзаға қайшы рханидерттердің бет-пердесін ашуға бағытталған, дәстүрлі дінімізді дәріптейтін жаңа көркем фильм көрерменге жол тартады», – деп жазады басты кейіпкер Бейсенбай, яғни актер Мақсат Сәбитов.

Асыл арнаның директоры, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков ағамыз фильмнің не себпті комедия екенін өзінің сұхбатында «Фильм негізі басқа жанрда түсірілуі керек болған. Бірақ кейін ойлана келе комедия жанрын таңдадық. Себебі дін өзі ауыр да өзекті тақырып болғандықтан, соны жұртқа ашып нәрін беретін де осы комедия боп көрінді бізге», – деп түсіндіреді.

Фильм түсіріліміне қол ұшын беріп қолдау көрсеткендердің қатарында Астана қаласының Ішкі істер басқармасы да бар екен. Фильмде театр және кино актері, әнші Әсет Есжанда бой көрсетті. Ал фильмнің линиялық продюсері ретінде Қанат Каиргазиновты танысақ болады.

#асыларна #асыларна2017 #асыларна2016 #сергелден #сергелдең

A post shared by Gani Baisal (@ganibaisal) on

??? #Сергелдең #премьера #130317

A post shared by Shyryn ? Alban (@shera_kz_) on

Пікірлер

Войти с помощью: