Асхат Садырбай әріптесіне өлім тілемейтінін айтты
142 рет қаралды пікір қалдырылмады 17.01.2017 сағат 17:30

Белгілі журналист, бүгінде өз кәсібін жастарға үйретумен айналысатын жүрген Асхат мырза өзінің инстаграм желісінде әріптесіне өлім тілемейтінін айтты:

instagram.com/askhatsadyrbay Досыңызға немесе әріптесіңізге қатты ренжіп, өлім тілеген кезіңіз болды ма?
————————————
Құдай сақтасын. Бұл сұраққа мен де кез-келген адам сияқты бірден «жоқ» деп жауап беремін. Бәрі сөйтеді, мен де солай деймін. Кім кімнің ішіне кіріп шығыпты, пенде болған соң бәрі болады деп, сенбейтін білгіштер де табылады мұндайда. Сол себепті мен бұл сұраққа ашық жауап беруге тырысайын.

Өкінішке орай қазір адамдар адамдарға өлім тілемек түгілі оны оңай ұйымдастыра салатын, адамды шыбын құрлы көрмей өмірін қия салатын, аямайтын заманда, сондай уақытта өмір сүріп жатырмыз. Менің түсінігімде өлім де өмір сияқты барлық тіршілік иесі еркінен тыс көретін нәрсе. Алланың бұйрығы, табиғаттың заңдылығы солай, әркім әр уақытта, әр жерде, әртүрлі жағдайда жан тапсырады. Онсызда өмірден озатын адамға өлім тілеп күнә арқалаудың қажеті қанша? Оның үстіне атам қазақ «біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле» деп тауып айтқан жоқ па?! Иә, өмір болған соң неше түрлі адамдардан көресіні көресің. Өкпелейсің, ренжисің, бірақ ондайға дейін ешуақытта бармаған екенмін, барғызбай-ақ та қойсын. Былтыр жол апатынан кейін қатты қиналып, ауруxанада сандырақтап жатқанымда «мұндай ауыртпалықты дос түгілі дұшпанға да тілемеймін» деппін. Демек ондай жағдайда да ойымнан айнымағанмын. Апатқа кінәліні іздеп, біреуден көріп, күдіктеніп байбалам салмадық та. Тәңірдің жазғаны, амал жоқ көрдік, шүкір дедік те қойдық.

Бір Аллаға сенетін адам ретінде, мұсылман ретінде мен ешуақытта ешкімге өлім тілемеппін, тілемеймін де, тілегім келсе де тілей алмаймын. Оған біріншіден адамдығым, екіншіден ар-ұятым, үшіншіден иманым, жиғаным жібермейді. Адамды алдағаныңмен саған күре тамырыңнан да жақын Жаратушыны алдай алмайсың. Артық өтірік сөйлеп не керек, тіпті, бұл сұрақты жылы жауып қойып кете беруге де болады. Бірақ менің жауап бергім келді. Замандастарым оқып ойланар, қажетіне жаратар. #ОқырманСауалынаЖауап

Журналисттің бұл сөздері ой салады, әрі жан-жақты жазған жауабына қарап бұл сұраққа шынайы жауап берген деп топшылауға болады.

Пікірлер

Войти с помощью: