Асанәлі Әшімов 80 жылдық мерейтойын атап өтті
164 рет қаралды пікір қалдырылмады 13.05.2017 сағат 15:47

«Ұлы тұлғаны ұлықтайтын күн»,-деп белгілі актер Азамат Сатыбалды айтпақшы, қазақ киноиндустриясындағы шоқтығы биік тұлға Асанәлі Әшімов 80 жаста. Кешегі КСРО заманында «Қыз Жібек» фильмінде бой көрсетіп, Бекежанның образын халыққа таныстырған өзіндік орны бар актер. Бүгін Әуезов театрында актердің 80 жылдық мерейтойын атап өтілді. КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, профессор Асанәлі Әшімовты құттықтап, Ресейдің халық артисі Никита Михалков Мұхтар Әуезов атындағы драма театрына хат жолдады. Хатта Ресейдің халық артисі актерді заңғар тұлғалы елінің патриоты деп көрсетеді. Театрда өткен мерейтойда жиналған халық қарасы көп болды. Кей орын жетпеген тыңдарман мерейтой кешін тұрып тамашалауға мәжбүр болды. Бұл халқының арда перзентіне деген қошеметі болса керек. Театрға келушілерге ұсынылған А. Әшімов мұражайы актердің шығармашылығындағы құнды жәдігерлерден құралған. Әрбір жанкүйер Асанәлі атамыздың шығармашылығына шолу жасап, халықымыздың кино өнеріне қосқан үлесіне көз жүгірте алады.

#АƏшімов80жас БАҚ өкілдеріне сұхбат 12.05.2017ж

A post shared by 🎭Əуезов театры🎭 (@auezovtheatre) on

#АƏшімов80жас #Тарихисəттер #жасАсанəлі #фотобаян

A post shared by 🎭Əуезов театры🎭 (@auezovtheatre) on

 

Пікірлер

Войти с помощью: