Әнуар Нұрпейісов даулы сөздерінен соң метрода бейнеролик түсірді
77 рет қаралды
пікір қалдырылмады
03.04.2017 сағат 16:49
«Қазақ халқы түбі бір күні жойылады» ,-деген бір сөзі үшін дау астына қалған Әнуар Алматы қаласының метросында орыс тілінде түрлі ұлт өкілдері турасында өлең оқыды. Бұл туралы Kazakh_ inform хабарлайды. Ол түрлі халықтың ұлттық сезімдері, дәстүрі мен менталитетін флешкаға теңеді. Әрі әрбір адам баласын ұлтқа бөлмейтінін, олардың терісінің түстеріне қарамайтынын тілге тиек етті.
Ол өз Фейзбук желісінде:
« Соңғы оқиғалар тарапында келіп жатқан ұлтшылдық турасындағы сауалдарға жауап беру мақсатында мен өлең жаздым. Бұл әлемге ашықтық пен әртүрлілік- рухани интеллектуалдық байлыққа сапар шегудің жолы екендігіне дәлел. Ұлтшылдар, қабыл алыңыздар өткендегі менің өзекті манфестім. Роликтің бюджеті: 160 теңге (два жетона на метро)- деп жазды.
Пікірлер