«Анаға апарар жол» фильмі Орталық Азияның үздік туындысы
187 рет қаралды пікір қалдырылмады 17.04.2017 сағат 17:41

Белгілі актер Әділ Ахметов бой көрсетіп, елімізде көптеген сұранысқа ие болған таңдаулы туынды «Анаға апарар жол» Орталық Азияның үздік туындысы атанды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Фильм қырғыз елінің астанасы, Бішкекте өткен «Ақ Илбирс» VI ұлттық кинопремиясында үздік деп танылды. Отандық туындымен бәсекелестікке Тәжікстан мен Өзбекстан фильмдері де түскен еді. Ақан Сатаев өзінің инста желісінде туынды барысында жұмыс істеген ұжымды құттықтады. Бұл кинопремияға біздің отандастар үш номинация бойынша қатысқан еді. Оның ішінде «Орталық Азияның үздік актері» деген атпен Әділ Ахметов ұсынылған болатын. Дегенмен, бұл жолы мүмкіндікті жіберіп алдық. «Анаға апарар жол»- «Қазақфильм» мен Әлия Назарбаева бірігіп түсірген алғашқы туынды. 2017-2018 жылдар арасында «Томирис патшайым» турасындағы тағы бір айтулы шығарма дүниеге келмек. Бұл фильмнің сценарий авторы Әлия Нұрсұлтанқызының өзі. Кинокартина 2018 жылдың желтоқсанында қалың көрермен қауымға ұсынылмақ.

Пікірлер

Войти с помощью: