Алматы студенттері Tele2-ге алғыс білдіруде
139 рет қаралды пікір қалдырылмады 31.01.2017 сағат 21:56

Алматы қаласында оқитын бір топ студент жастар атақты Теlе2-ге өз алғыстарын білдіруде.

Бұл туралы agugai.kz сайтына студенттердің өздері мәлімдеді. Бұл алғыстарына бүкіл әлемдік XXVIII Универсиада ойындарының алау алып өту эстафетасында болған жағдай әсер еткен екен. Сейфуллин және Төле би көшелерінің қиылысында таңғы сағат 8:00 де жиналған, студенттер алаугерлерді төрт сағат аязда күткендерін айтады. Басында ет қызулықпен жаурамаған олар кейінен секіріп жылынуға мәжбүр болған. Осы тұста осы көріністі байқаған Tele2 компаниясының ұжымы студенттерді орталыққа кіріп, жылынып алуды ұсынған екен. Көшеге жиналған мыңға жуық студенттердің бәріне бірдей өз көмегін бере алмаса да, Tele2 қалған жастарға «Қазақстан» жазуы жазылған шарларды сыйға тартқан. Ал айтулы компанияның сыйы мен көмегіне разы болған студенттер өз әлуметтік желілеріне алғыстарын жазуда.

Пікірлер

Войти с помощью: