Алмас Бекіш: Димаш қайдағы бір елге барғанға дейін қайда болды?
512 рет қаралды пікір қалдырылмады 13.03.2017 сағат 22:50

«Alemband» тобының продюсері Алмас Бекіш кейінгі уақытта журнал, газет, әлуметтік желілерде жарық көріп жатқан Димаш туралы посттар мен халықымыздың өз өнерін бағалауы туралы пікірін ашық айтты. Ол өз пікірі үшін ұялмайтынын және өз пікірі көп қолданушыларға ұнамай қалатынын айтты. Оның постты инста желісінде орыс тілінде жарық көргенмен, agugai.kz ұжымы Алмас мырзаның пікірін қазақ тілінде ұсындық.

«@Almas__bekish : Барлық журналдар мен арналар, барша халық Димаш турлы жарыса жазып жатыр. Ал ол бұған дейін қайда болды? Осында Қазақстанда болған сияқты? Осылай өнер көрсеткен де сияқты? Солай ма? Ол кезде қазіргі қорғаушылар мен жанкүйерлері қайда болды? Журналдар мен газеттер, теледидар қайда болды? Ия, бұл үшін қайдағы бір өзге елге барып, біреуге дәлелдеу керек еді. Тек біздің елде емес! Біздікілер тек содан кейін қабылдап, содан кейін сен туралы айтады ма? Біздің халық төмен түсіру мен өздерінікі туралы балағат жазуды ғана біледі. Солай емес пе?

«Қытеке, Кім мынау? Аузын ашқандардың бәрі әнші, Түрі құрсын, Ужас, Алқаш, ФУУУ, Не киіп алған, Жыртық, Көтін ашып, Ұятсыз»,-міне біз не жаза аламыз! Өзге елдің әртістеріне жазылған пікірді оқысаңыз ол жерде негатив пен б*қтан қарағанда, позитив пен қолдау көп!) Ал газеттер мен журналдардың, Телеарналар мен телебағдарламалардың, Конкурстардың жұмысы қалай болып жатыр??? Ерекше дәнемесі де жоқ. « Өзіміз ғой » деген нәрсе бар! Қайда барсаңда «өзіміздің» адамдар керек! Әркім өз рейтингінің артынан қуады! Осы маған қызық, медиялық тұлғалар мен аты шыққан әртістердің атын пайдаланып өз рейтингтерін жасау не керек?? Түсінемін, тіптен кішкене келісемін, бұл-ақша және оны табу керек,бірақ оны енді ғана танылып келе жатқан әртістер мен қарапайым халықтың арқасында табуға болады ғой?! Менің ойымша, қарапайым, қызықты, жақсы жобалар жасау керек. Ең құрмаса жас әртістер мен талантты адамдарға қолдау болады!

Бірақ сөзсіз, біздің халық өз әртістерін қолдап, концерттеріне барып, бейнеклиптерін қарап әрі әнін тыңдап, әрбір әртістің еңбегін бағаламайынша бұның бәрі болмайды! Өзіңнің көзқарасыңды жеткізгің келе ме? Бұл үшін міндетті түрде балағаттап, боқтап, кір жағып емес жай ғана сыйластықпен әдепті әрі сыпайы жеткізуге болады! Бәрі бір әрбір әртіс тыңдайды, әрі қорытынды жасайды. Себебі, әртістің істегенінің бәрі-халық үшін, сіз үшін! Ал БАҚ өкілдеріне айтарым, әртістердің инстаграмдағы ресми парақшасына қарап жаңалық жасамаңыздар, соңғы кезде тақырыбын өзгертпестен шулы тұлғалардың түрін жасаудасыздар! Тележобалар, конкурстардардың бәрі « өзіміз ғой» арқылы емес, адал болғанын қалаймын!

Қысқасы, барлық қолданушылар оқып « Ия, Алмас біз сенімен келісеміз!» дейтіндей бәрін айтып тастадым)))

P.S. Ал сіздер Шурыгинаның төңірегінде не олайсыз? Ал жақында жаңа тақырып, қысқасы біреу мұсылман гейлері туралы фильм түсіріпті, сізге қалай?)»

– деп жазады. Продюсер шындықты жасырусыз айтқан сияқты, ал сіздер қалай ойлайсыздар?

Пікірлер

Войти с помощью: