Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова әншілікке бет бұрды
109 рет қаралды пікір қалдырылмады 18.05.2017 сағат 21:50

Өзінің сөздерді қиыннан қиыстырып өрнектеген сөздерінің арқасында танымал болған айтыскер ақын Сара Тоқтамысова әншілікке бет бұрды. Бұған дәлел әншінің «Тойдуман» арнасында жарық көрген «Ақеркем» әніне түсірілген бейнебаяны. Әнін жазған Асқар Жайлаубаев болса, сөзін ақынның өзі жазған екен. Бейнебаян желісі бойынша қазақтың бүрмелі көйлекті сұлу қызы қазақтың ата дәстүрі бойынша ұзатылады. Ән ұзатылып бара жатқан аруға арналып айтылады. Қазақилықтың иісі аңқыған туынды қазақ қыздарының балаусадай кіршіксіз таза образын көрсеткен. Қазақ қызының текті тәрбиесі мен қазақтың теңдесіз салтын көру үшін таптырмайтын бейнебаян.

 

Пікірлер

Войти с помощью: