Айқын Төлепберген бесіктен белі шықпаған ару өлімі туралы хабарлады
848 рет қаралды пікір қалдырылмады 09.05.2017 сағат 22:22

Ғаламтор беттерінде жарық көрген бейнероликтен кейін дау астына қалған, танымал әнші Айқын Төлепберген бесіктен белі шықпаған ару өлімі туралы хабарлады. Ақтау қаласындағы құрылыс жүріп жатқан жар үстіндегі суретін жариялаған әнші орыс тілінде жазба қалдырған. «Бүгін осы жардан кәмілет жасына толмаған қыз секіріп кетті. Кінәліні іздеудің қажеті жоқ. Себебі, оны енді қайтара алмаймыз. Біздің жақындарымыз жанымызда, қауіпсіздік пен тыныштықта болсыншы»,- деп жазады. Әншінің бұл жазбасына қарап, халық кішкене қыздың өлімі Айқынның жүрегіне қатты батқан болу керек деп топшылады. Бұл суық хабарды әлуметтік желіге жаздың деп әншіге дүрсе қоя бергендерде болды.

 

Пікірлер

Войти с помощью: