Айқын мен Жұлдыз Өмірғали бой көрсеткен бейнеролик дүйім жұртты шулатты
1258 рет қаралды пікір қалдырылмады 03.05.2017 сағат 23:58

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали бой көрсеткен бейнеролик дүйім жұртты шулатты. Ақ мата бойымен ұзатылып келген Жұлдызды Айқын бетін сүйіп, көтеріп алып кетеді. Бұл бейнеролик бір күннің ішінде талай тыңдарманның жағасын ұстатқаны анық. Халық бірақ Айқынның әйелі мен баласы бар екенін тілге тиек етті. Ал әншінің өзі «Ит үреді, керуен көшеді»,-деп астарлы жауап қатты. Айқынның айтуы бойынша бұл тек қана фильм түсірілімі екен. Алдағы уақытта шындықтың беті ашылып, қос әншіге жұққан дақ тазарады деп сенеміз.

 

 

Пікірлер

Войти с помощью: