Айгүл Мүкейдің туысы Африкада не жоғалтты?
257 рет қаралды пікір қалдырылмады 27.06.2016 сағат 19:52

Қазақстандық медия индустрияға өзіндік үлес қосқан, бүгінде ЕХPО 2017 нің ақпараттық саласында қызмет етуші Айгүл Мүкей өз туысын Африканың қақ төрінен тауып алды. Оның терісінің түсіне қарап «жоқ, бұл қазақ болуы мүмкін емес, Айгүлдің туысы деуге келмейді» дерсіз. Бірақ олардың туыстықтарына дәлел оларға ортақ «Мүкей» фамилиясы. Айгүл #карабалашка деп атаған Мүкей Уеззи Африканың қарапайым азаматы көрінеді. Ол тұрасында Айгүл өз инста парақшасына жазып, оқырмандарынан оның соңғы суретін лүпілдетуін сұраған екен. Ал осыдан барша қызық басталды дей беріңіз. Қазақстандықтар Уеззиді нағыз жұлдыз жасар, оған үш тілде жаңа жылдық құттықтаулар жазды. Әрі кей отандастарымыз оны «Қазақстанға келіп тұрмасын», «Оның Шымкенттік емес екеніне сенімдісіз бе?» деген сынды қағытпа қалжыңдар айтып жатты. Ал Уеззидің соңғы суретіне бүгінде 2079+ лүпіл жыйналған. Лүпілдеткендердің қатарында Бағым Мұхитденова ханымда көзге түседі. Белгілі кино және театр актері Сырым Қашқабаев Мүкей Уеззидің суретіне ағылшын тілінде » Сәлем! Қалың қалай? (Қазақстанан)»,- деп пікір қалдырыпты. Осыған дейін суретінде лүпіл тұрмақ пікір болмаған Уеззи үшін бұл Қазақстандық шабуыл, инстаграмдағы жарылыс болғаны хақ. Неде болса Айгүл ханым түрткіл дүниенің бір бұрышындағы африкалықты таңғалдырды. Сіздің де шет елдік бауырыңыз бар шығар, неге іздеп көрмеске?
нео,.гн.

Пікірлер

Войти с помощью: