«Ағайынды Жүгінісовтер» тобындағы Рүстем «Новая ВОЛНА-2017» байқауының финалисті
85 рет қаралды пікір қалдырылмады 10.04.2017 сағат 17:34

Қазақ сахнасындағы бауырмалдықтың символы болып жүрген «Ағайынды Жүгінісовтер» тобының солисті Рүстем «Новая ВОЛНА-2017» халықаралық ән байқауының финалисті атанды. Ол инста парақшасы арқылы сүйінші сұрады. Ол бұған дейін халықтан Мәскеуге кетіп қалғанын жасырып жүрген көрінеді. Оған Мәскеу қаласында Игорь Крутой ағасы ақ батасын берген екен. Болашағынан үлкен үміт күтіретін қазақ баласының тағы бірі, халықаралық конкурстан бой көрсетуде. Рүстемнің бұл қуанышын әріптестері әрі, өнердегі ағалары «Алашұлы»тобының беделді мүшесі Мақсат Рахмет, Ринат Малцагов, Ескендір Ибрагим, Серік Ибрагимов бөлісіп, жылы лебіздерін аямады. Халық бұл жаңалықты қуанышпен қарсы алып, Рүстемге үлкен үміт артты. Қайда жүрседее алаштың бір баласына Жаратқан жар болып, ақ жол туып тұрсын дей келе, Рүстемді біздің ұжымда қолдайтынын тілге тиек етеміз.

 

Пікірлер

Войти с помощью: