Ағайын, премьера!
56 рет қаралды пікір қалдырылмады 22.01.2017 сағат 16:18

Қызық, осы адамнан өзге жаратылыстар сөйлей алады ма? Өз ойын, қайғысы мен арманын бір-біріне қалай, қандай ишарамен білдіреді екен. Білесіз бе, құрметті оқырман, балабақшадағы жастықтар сөйлей алады. Бидай жастық, құс жастық, жәй құс жастық тіптен орташа құс жастықта өздігімен үн қатып, өз тағдырын сарапқа салады екен. Сенбейсіз бе? Онда, сіз Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына 27 қаңтар күні, Олжас Жанайдаровтың «Жастық туралы» аллегориясының премьерасына келіңіз.

Бұл туынды Мәскеулік қазақ жігітінің «Душа подушки» атты соны туындысының қазақ тіліндегі нұсқасы. Аударған – Сұлтанәлі Балғабаев.

Бір қарағанда Қап-Қаратай, Доп-домалақ, Роза, Әмина, Білгіш сынды аллегория кейіпкерлерінің әңгімесі жертөлеге түсіп қалудан қорқып отырған балабақша балаларының әңгімесі сияқты. Үйде балаларымызды: «Тыныш отырмасаң, қараңғы үйге қамап қоямын» дегенге ұқсас. Бірақ автордың шеберлігі болса керек бұл образдарда жай көрермен көзіне көріне бермейтін шындық жатыр.

Аллегорияда бостандық пен тәуелсіздікті танып-білмейтін, құлдық идеалогияға көндіккендер тағдыры сөз болады. Барлық құс жастықтардан ерек, ішіне Қарақұмық толтырылған жастыққа өзгелері тамсана қарайды, сырттай жек көреді. Оның Қарақұмығы таусылып, ол өледі деген ойда жүрген олардың төбесінен жай түседі. Қалай, кіммен, неге екенін 27 қаңтар театрдан тамашалаңыз. Осыған дейін Мәскеудің бірнеше сахынасында орындалған аллегория балалар мен ересектерге арналған. Қазақ театырында қос көрерменге арналған туынды аз екенін ескерсек, жеткізу әдісі ерекше автордың аллегориясын көре отырып, бүгінгі қоғам сипатын көруге асығу керек-ақ!

Билеттер театр кассасында.
e2e9b2ca845cb0655f96913f2bdf0aad

Пікірлер

Войти с помощью: