8 наурызда қаладағы әйел қауымына гүл сыйлаған жұлдыздар
78 рет қаралды пікір қалдырылмады 09.03.2017 сағат 20:51

8 наурыз елімізде айтулы мерекелердің бірі. Қай қала болмасын көктемнің алғашқы мерекесін ерекше қылып қарсы алғанды жөн санайды. Биыл да бүл дәстүр ескерілмей қалмады. Мереке күні Алматыдағы ауа-райы да аруларымыздың шат күлкісіндей ашық, жайдары болды. Алматы қаласының әкімдігі өздерінің нәзік жанды тұрғындарына ерекше тарту жасады. «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» атты эстрада жұлдыздары, белсенді жастар мен Медеу ауданының әкімдігі «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ұйымдастырған шара қала аруларына қатты ұнаған көрінеді.

Алматы қаласында қыздарға қуаныш сыйлап, Медеу ауданында Артур Төлеповтың өзі жүрді. Ол өзінің инстапарақшасына жариялаған бейнероликте бір топ халық ортасында микрофон арқылы аналарымыз бен сұлу аруларымызды құттықтады.

Бұл Медеу ауданы ұйымдастырған шарада «All Davay» тобының беделді мүшесі, бизнесмен шоқан Маратұлы да бой көрсетті. Ол өзінің «шоқ гүлдер тарту ету кезінде өзгелерге қуаныш сыйлай алдым деп ойлаймын» – деп мәлімдеді.

Сол секілді қазақтың көркем аруы Айгерім Қалаубаевада аруларымызды қуантуды жөн санапты. Ол Шымкент қаласының қақ ортасында қыздарға раушан гүлін сыйға тартты.

??? @jiger_auypbaev ????????? #барымдыбагалаймын #8марта #8наурыз #шымкент

A post shared by Aikerim Kalaubaeva (@aikerim_kalaubaeva_official) on

Пікірлер

Войти с помощью: