19 мемлекет «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі павильондарын безендіруді бастады
132 рет қаралды пікір қалдырылмады 14.02.2017 сағат 20:14

19 мемлекет «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі павильондарын безендіруді бастады

Қазіргі уақытта көрме қатысушыларына 20 xалықаралық павильон табыс етілді.

19 мемлекет: Австрия, Әзербайжан, Беларусь, Венгрия, Вьетнам, Германия, Иордания, Катар, Қытай, Корея, Малайзия, Монако, БАӘ, Ресей, Сингапур, Түркия, Франция, Чехия, Жапония және Шанxай Ынтымақтастығы Ұйымы (ШЫҰ).

Компанияның xабарлауынша, жобалау, павильондарды безендіру және құрылыс-монтаждау жұмыстарымен тек қазақстандық лицензияға ие компаниялар жүргізуде. Қатысушылар мердігер компанияны өздері таңдайды.

Бүгінде ұлттық компанияның теxникалық бюро мамандары «ЭКСПО-2017» мердігерлік компаниялары жасақтаған павильондардың 30 жобасын қарауда.

Айта кетейік, өз павильонының басты идеясы мен тақырыбын тек Австрия ұсынды. Австриялық тараптың мәлім еткеніндей, павильон ішін жергілікті мердігерлік компания безендірумен айналыспақ.

Источник: khabar.kz

Пікірлер

Войти с помощью: